Created: 01 Қазан 2020
44

ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Әлемді жайлаған пандемия елді есеңгіретіп тұрған уақытта, ел президенті халықты әлеуметтік қолдау, денсаулықты нығайту қажеттілігін басты назарда болу керектігін айтты. Осы тұста, халыққа қолжетімді медициналық көмекті жақсарту мақсатында, Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалиннің бастамасымен, облыстық денсаулық сақтау басқармасы барлық аудандық ауруханаларға жаңа жедел жәрдем көліктерін табыс етті. Ойыл аудандық ауруханасына берілген көліпті бас дәрігер С. М. Нұрбаевқа табыстады. Бұл да денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне ерекше екпін беретіні анық!!! Құттықтаймыз!!!