Created: 14 Наурыз 2017
1284

ОАФ Орталық аудан ауруханасының соңғы фонды


МәртөкОАА-ның ақырғы фонды.

 

Қазіргі кезде аурухана Мәртөк ауданының 31097тұрғынына , соның ішінде 22674ересек адамдарға 0-14 жасқа дейінгі -6977 балаға , 1446 жасөспірімдерге қызымет көрсетеді. Мәртөк ауданының  аудандық емханасы 24 кереуеттен тұратын күндізгі стационары бар, тәулікте 262 адамдық,стационары 54 кереуеттен, 7  дәрігерлік амбулатория күндізгі стационарымен барлығы 29 кереует , 2 фельдшер-акушерлік пунктер және ауыл аймақта   20 медициналық пункттар тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді. Аурухана құрамында қазіргі  таңда келесі бөлімдер бар:

 

  • Терапия бөлімі-23 кереуеттік,
  • Хирургия бөлімі-16 кереуеттік,
  • Босану бөлімі-15 кереуеттік.

Сонымен қатар 2 ересек және 3 балалар жұқпалы аурулар кереуеттері бар.

 

Тағыда көмекші бөлмелер бар: рентгенофлюорографиялық,физиотерапиялық,клинико-диагностикалық зертхана, функционалдық  диагностика.

 

Ауруханада зертханалы-рентгенологиялық тексеру әдістері, электрокардиография, іш қуысын ультрадыбыстық тексеру, электроэнцефалография, реовазография, спирометрия, фиброгастродуоденоскопия жүргізіледі.

 

Аурухана  басшылары материалдық базасын жақсарту үшін көп күш салуда,  флюоромобил «КРФ-111», УЛФ- лазер,эндоскопиялық және лапороскопиялық аппарат,нәрестелерге арналған SLE-5000 және CpAP,жасанды өкпе вентеляция аппараты, УДЗ апараты,электрокордиогра,электрокардиофакс, Ардиагност-8  рентгенкомплексы, маммограф, заманауи биохимиялық, бактериологиялық, клиникалық лабораториялар . Нәрестелерге фототерапия және SLE -500 жасанды өкпе вентиляция аппараты, Baby-therm  реанимация  үстелі сатып алынды.  Мәртөк селосындағы аурухананың пайда болғанынан бастап дәрігерлер саны 3-н 55-ке дейін орта буын медицина қызыметкерлер саны 5-н 185-ке өсті. Ауруханада жоғары санатты екі дәрігер, бірінші санатты 10 дәрігер қызымет көрсетеді.